gov.kz
Меню

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды беру

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бағдарлама) және «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын кредиттеу және қаржылық лизинг механизмі шеңберінде портал арқылы кредиттер бойынша мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болады:

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталға тіркеліңіз және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз.

2. Электронды нысандағы өтінімді толтырыңыз.

3. Келісім нысандарының электронды нысанын толтырыңыз.

4. Банктің/Лизингтік компанияның кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу мүмкіндігі немесе Бағдарламаға/Механизмге қатысуға мүмкіндік беретін шарттар бойынша кәсіпкердің қаржылық лизинг шарты/кредит бойынша сыйақы мөлшерлемені төмендету туралы оң шешімі бар электронды көшірмені (сканерленген көшірмени) бекіті.

5. Кәсіпкердің жобасын іске асыруға арналған бизнес-жоспардың электронды көшірмесін (сканерленген көшірмесін) немесе жоба бойынша сараптамалық қорытындыны (техникалық-экономикалық қорытынды/банктің/лизингтік компанияның тиісті қызметкерінің экономикалық қорытындысын, егер олар болмаған жағдайда) құжаттар, жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар).

6. Тауарлардың бір мемлекеттің аумағынан - Кеден одағының мүшесінен екінші мемлекет - Кеден одағының мүшесіне (егер ол бар болса) аумағынан өтуін растайтын жүк құжаттарының электрондық көшірмесін (сканерленген көшірмесін) бекіту.

7. Соңғы есепті кезеңде валюталық кірістердің тиісті деңгейінің бар екендігін растайтын құжаттырдың электронды көшірмесі (сканерленген көшірме) (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда).

8. Өтінімге ЭЦҚ-ға (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.

9. Жеке кабинеттің «Қызмет алу тарихы» бөлімінде жазба арқылы статус бетіне өтіңіз және өтінімді мақұлдаңыз.

10. Жеке кабинетте өтінімді қарау нәтижелерімен танысу.

11. Құжаттар порталынан қызмет көрсету нәтижелерімен жүктеп алыңыз және басып шығарыңыз.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/және кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, кәсіпкерлік субъектісінің санатын, кәсіпкерлік қызметінің табысы туралы ақпаратты, бюджетке төленетін міндетті берешектің болмауы бойынша мәліметтер «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттк ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде анықталады.

Заңды тұлғаның порталы арқылы сұрау салуды жүзеге асырған кезде, басшы мен заңды тұлғаның барлық құрылтайшылырын міндетті түрде келісуі талап етіледі, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылатын болса, құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға басшысының келісуі қажет болады.  

Келісу нысаны барлық қатысушыларға және басшылық порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Келісуді растау үшін қатысушы немесе басқарушы үшін жасалатын заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолымен келісу нысанына қол қою қажет.

Онлайн
Заңды тұлғалар

Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, (көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама ("электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден).

2. Көрсетілетін қызметті алушы жобасының бизнес-жоспары, онда мыналар қамтылады:

- Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);

- көрсетілетін қызметті беруші субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

Тетік бойынша:

- жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;

- жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

- жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді).

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса).

4. Соңғы есепті кезеңге валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда).

Результат оказания услуги

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы отырысының хаттамасынан үзінді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?

1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі дәлелді бас тартуды жібереді.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды беру
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

5 жұмыс күні

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Место предоставления услуги
«Даму» КДҚ АҚ
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Мемлекеттік қызметінің инфографикасы

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы