Сот сарапшысы біліктілігін беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы себептемелі жауап.

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша не негіздемелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы себептемелі жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және (немесе) олардың ішіндегі деректерді (мәліметтерді) алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қызмет алушы және (немесе) ұсынған материалдар мен деректердің (мәліметтердің) Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
  3. Оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса.
  4. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:125

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Сот сарапшысы біліктілігін беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

7 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы