Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

 Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) заңды тұлғалардың осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынған болуы;
2) лицензиялық алымның енгізілмеген болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11595 болып тіркелген) бекітілген астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің белгіленуі;
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттардың ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.

Көру саны:144

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия бергені үшін – 10 АЕК

Лицензияларды қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% құрайды

Қызмет көрсету уақыты

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 жұмыс күні

Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 2 жұмыс күні

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық нысанға ауыстыру үшін – 2 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы