Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу
Қызметті қалай алуға болады
Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу арқылы өтіңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады;
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз;
3. "Электрондық лицензиялау" порталының бетінде "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;
4. Электрондық сұрау салу өрісін толтырыңыз;
5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз;
6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінде рұқсат алу туралы мәртебе. "Менің хабарламаларым" бөлімінде хабарламаны алу туралы мәртебе.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) 13-қосымшада жазылған биологиялық қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейіндегі карантиндік объектілерге арналған зертханадағы оқшаулау шарттарының тізбесіне сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты көрсетілетін қызметті алуды талап ететін оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімнің болмауы.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:96
