Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтама, кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманың телнұсқасы не бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) осы Қағидаларда және рұқсат беру талаптарында белгіленген талаптарға және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) кемелердін командалық құрамының адамдары үшін кәсіби диплом және аттестаттаудан өткені туралы анықтама беру үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.
  3. Тестілеуде "сынақ емес"бағасын алу.
  4. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көру саны:233

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Aттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру – 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей

Aттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын беру – 2 жұмыс күн

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы