Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу арқылы өтіңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады;
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз;
3. "Электрондық лицензиялау" порталының бетінде "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;
4. Электрондық сұрау салу өрісін толтырыңыз;
5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз;
6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінде рұқсат алу туралы мәртебе. "Менің хабарламаларым" бөлімінде хабарламаны алу туралы мәртебе.

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
1) көрсетілетін қызметті алушының сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін сынамалар алу тегін жүзеге асырылады.
Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде. Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
серологиялық зерттеулер бойынша:
классикалық – 5 жұмыс күні ішінде;
иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) – 20 жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай);
вирусологиялық зерттеулер – 25 жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);
молекулярлық-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – 20 жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай);
бактериялогиялық зерттеулер бойынша:
микроскопия – 2 жұмыс күні ішінде;
биологиялық сынама – 70 жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);
паразитологиялық зерттеулер бойынша – 3 жұмыс күні ішінде;
тамақ өнімдерінің, азық және азықтық қоспалардың қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау бойынша – 8 жұмыс күні ішінде;
тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – 1 жұмыс күні ішінде.
Сынамаларды алу және оларды зертханаға зерттеуге жолдау – 3 жұмыс күні ішінде.