Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы (бар болса).
Жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Фитосанитариялық сертификат немесе уәжді бас тарту.
1) көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;
2) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарында карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуына жол берілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарына сәйкессіздіктің анықталуы;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, бұл межелі орынның өзгеру жағдайын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
5) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты көрсетілетін қызметті алуды талап ететін оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімнің болмауы;
9) карантинге жатқызылған өнімді әкетуге тыйым салу және (немесе) сандық шектеулер енгізілді.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
1) Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға өтінішті берген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 жұмыс күні ішінде.
2) Карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 жұмыс сағаты ішінде.
3) Тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс сағаты ішінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.