Әуе айлағының (тікұшақ айлығының) жарамдылығы сертификатын алу
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
- "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
- "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
- Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Сертификатты және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың дәйексіз болуын анықтау;
- Өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға, сертификаттық талаптарға және әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;
- Өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш беруші жарамдылық сертификатын алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда тоқтатылады;
- Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:76
