Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу арқылы өтіңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады;

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз;

3. "Электрондық лицензиялау" порталының бетінде "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;

4. Электрондық сұрау салу өрісін толтырыңыз;

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз;

6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінде рұқсат алу туралы мәртебе. "Менің хабарламаларым" бөлімінде хабарламаны алу туралы мәртебе.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Тіркеу куәлігі, тіркеу куәлігінің телнұсқасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

Көру саны:939

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегiн

Қызмет көрсету уақыты

Тіркеу куәлігін беру кезінде – 5 жұмыс күні ішінде

Тіркеу куәлігін қайта ресімдеу кезінде – 5 жұмыс күні ішінде

Тіркеу куәлігінің телнұсқасын беру кезінде – 2 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы