Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған.
  2. Лицензиялық алым енгізілмеген.
  3. Өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.
  4. Лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған.
  5. Өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.
  6. Сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.
  7. Өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.

Көру саны:181

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия - 6 АЕК

Қайта рәсімдеу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы

Қызмет көрсету уақыты

Порталға жүгінген сәттен бастап (жұмыс кестесі бойынша):

Лицензия беру кезінде - 15 жұмыс күні
Лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 20 минут

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы