Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі бар болған жағдайда;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

Көру саны:905

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беру – 6 АЕК

Қайта рәсімдеу үшін лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия – 15 жұмыс күні

Лицензияны қайта ресімдеу – 20 минут

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы