Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу

Категорияларға қайту

Көрсетілетін қызметті алушы аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша есептік деректер негізінде өтінімді ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін ұсынады.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алуға квоталарды бөлу кезінде көрсетілетін қызметті алушы өтінімді ағымдағы жылғы 10 маусымға дейін ұсынады.

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­дың бе­кі­ті­л­ген ли­мит­те­рі негі­зін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ға кво­та­лар бө­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің және деректердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көру саны:117

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы