Пайдаланушы сертификаты

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Пайдаланушы сертификатын беру.
Пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде сертификат және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерін беру. Пайдаланылатындары бар бір үлгідегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру.
Бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру. Ұшудың басқа түрлерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру, оның ішінде арнайы бекітулер. Әуе кемелерін алып тастау кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру.
Пайдаланушы сертификатының уәкілетті ұйымның мөрімен расталған көшірмесін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
  2. Өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.
  3. Өтініш берушіге қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
  4. Өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін келісімі болмауы.

Көру саны:132

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Пайдаланушы сертификатын беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Қызмет заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі 

Қызмет көрсету уақыты

Пайдаланушы сертификатын беру – 64 жұмыс күні;
Бұл мерзім өтініш берушіге 2 күнтізбелік күн ішінде хабарлай отырып, осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес белгіленетін 2-деңгейді анықталған сәйкессіздіктерін жою үшін қажетті мерзімге ұзартылады.
Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді уәкілетті ұйым өтініш беруші оны өзгерту қажеттілігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге бір реттен артық емес мерзімге ұзартады, бұл туралы өтініш берушіге 2 күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
Сертификатқа және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу:
1) пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде сертификатқа және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне – 10 жұмыс күні;
2) пайдаланылатын әуе кемелерінің бір үлгідегі пайдалану ерекшеліктеріне енгізу – 20 жұмыс күні;
3) бұрын пайдаланылмаған басқа үлгідегі әуе кемелерін пайдалану ерекшеліктеріне енгізу – 30 жұмыс күні;
4) ұшудың басқа түрлерін пайдалану ерекшеліктеріне, оның ішінде арнайы бекітулерге енгізу – 30 жұмыс күні;
5) әуе кемелерін пайдалану ерекшеліктерінен алып тастау – 3 жұмыс күні.
уәкілетті ұйымның мөрімен куәландырылған сертификаттың көшірмесін беру – 2 жұмыс күні.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы