Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Тіркеу құжатына (техникалық паспортқа) инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен расталған "Ақау бар" не "Ақаусыз" деген жазба енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Көру саны:558

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша өтінім тіркелген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде

Машиналар тіркеу пунктіне берілген жағдайда – өтініш тіркелген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың ЖАО
  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы