Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1) осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ар­найы рұқ­сат;
2) құ­жат­тар­ды одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту;
3) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап;
4) бұ­дан бұ­рын бе­рі­л­ген ар­найы рұқ­сат бой­ын­ша кө­лік құ­ра­лын ауы­сты­ру;
5) ар­найы рұқ­сат­тың қол­да­ну мер­зі­мін ұзар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі­нің түп­нұс­қа­лы­ғын пор­тал­да тек­се­ру­ге бо­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі пай­да­ла­ну­шы ка­би­не­тіне көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­м­ен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының № 342 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға келісуші ұйымдардың теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

Көру саны:3572

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тарифке сәйкес

Қызмет көрсету уақыты

Та­сы­мал­дау марш­ру­тын ке­лі­су қа­жет болған жағ­дай­да – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні та­сы­мал­дау марш­ру­тын ке­лі­су қа­жет бол­ма­ған жағ­дай­да – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
ав­то­көлiк құ­ра­лы та­би­ғи неме­се тех­но­ген­дiк си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою үшiн жұ­мысқа тар­ты­л­ған жағ­дай­да – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы ар­қы­лы ауыр сал­мақ­ты және (неме­се) iрi кө­лем­ді көлiк құ­рал­да­ры­ның жүрiп өту­іне ар­найы рұқ­сат (бұ­дан әрі – ар­найы рұқ­сат) (бес жұ­мыс кү­ні ішін­де алым­ды тө­ле­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ке­ліп түс­кен сәт­тен ба­стап) не бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
Бұ­рын бе­рі­л­ген ар­найы рұқ­сат бой­ын­ша кө­лік құ­ра­лын ауы­сты­ру – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
Ар­найы рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мін ұзар­ту – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы