
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Казино қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1. Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы.
2. Лицензиялық алым енгізілмеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі.
4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
5. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар.
7. Сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.
8. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Лицензия беру кезінде лицензиялық алым - 3845 АЕК
Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды
Лицензия беру – 10 жұмыс күні
Лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні
Құжаттар толық болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы - 2 жұмыс күні