
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме.
2. өзгерістер және толықтырулармен енгізілген электрондық нұсқадағы құрылтайшы құжат не жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) заңды тұлғаның мерімен бекітілген құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
Саяси партиялар мен діни бірлестіктер енгізілген өзгерістері және толықтырулары мен құрылтай құжаттарының екі данасын не саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ұсынады;
3. енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен нотариалды түрде куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінінің бір данасы.
нақты орналасқан жерін (орналасқан жері өзгерген жағдайда) растайтын құжаттар.
Егер де ғимараттың иесі өзі заңды тұлға болған жағдайда, орналасқан жерін растайтын құжаттар талап етілмейді.
Егер де ғимараттың иесі жеке тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның ғимаратты заңды тұлғаға орналасу жері ретінде бергені туралы нотариалды куәландырған келісімі қажет.
4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерге өзгерістер мен толықтырулар хабарлама тәртібі бойынша:
Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлға орналасқан жерін өзгерту кезінде жылжымайтын мүлік иесінің келісімімен ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады.
филиалдың (өкілдіктің) (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамын өзгерту кезінде олардың тегі,аты, әкесінің аты (егер ол құжатта көрсетілген болса), күні, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефоны, жеке қолы көрсетілген коммерциялық емес ұйым құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) тізімі қосымша ұсынылады
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы туралы анықтама, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.
Порталға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы үлкен және орта кәсіпкерлік субьектісіне жататын жаңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе бас тарту туралы жауап жолданады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ үлгілік болып табылмайтын жарғының неізінде қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін 5 жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияда - қызмет берушінің орналасқан жері бойынша 5 жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күннен кешіктірілмей
Порталда - 5 күн