
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру
Жылжымайтын мүлік иесінің (кепіл берушінің) жеке басын куәландыратын құжат (жек басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Бағалау қызметін жүзеге асыратын лицензиясы бар тәуелсіз бағалаушымен кепіл шартын жасаған сәтке дейін 6 (алты) айдан кешіктірмей берілген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп (тұпнұсқа).
Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесі (лері) некеде тұрған болса, жылжымайтын мүлікті соттан тыс іске асыруға келісімімен жылжымайтын мүлікті кепілге беруге мүлік иесінің жұбайынан (зайыбынан) нотариалды куәландырылған өтініш, келісім (дер).
Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесі(лері) некеде тұрмаған болса және/немесе некеде тұрмаса, жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтіндегі жылжымайтын мүлік иесі(лері)нің отбасылық жағдайы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.
Егер жылжымайтын мүлік иесінің біреуі кәмелеттік жасқа толмаған адам болса, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасауға қамқоршылық және қорғаншылық органдардың жазбаша келісімі.
Жылжымайтын мүлік кепіл шарты сенімхат бойынша жасалған жағдайда, жылжымайтын мүлік иесі(лері)нен кепілге және соттан тыс іске асыруға құқық беруге нотариалды куәландырылған келісім-өтініш.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру
Еркін нысанда өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Еңбек кітапшасының көшірмесі (кадр қызметі куәландырған) немесе еңбек қызметінің кезеңдері, лауазымы көрсетілген жұмыс орнынан анықтаманың түпнұсқасы, лауазымдық нұсқаулықтардың көшірмесі (кадр қызметі куәландырған).
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамаларды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражат қозғалысы мен түсімі туралы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпаратты "электрондық үкімет" арқылы алады және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін қағаз тасымалдағышта шығарады.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру
Жылжымайтын мүлік иесінің (кепіл берушінің) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Кепіл шартын жасасу сәтіне дейін 6 айдан кешіктірмей бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар тәуелсіз бағалаушы берген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі (түпнұсқа).
Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі (иелері) некеге отырған болса, жылжымайтын мүлікті соттан тыс іске асыруға келісіммен жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге меншік иесінің жұбайының (зайыбының) нотариалды куәландырылған келісім-өтінішін.
Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі (иелері) некеге отырмаған болса және/немесе некеге отырмаса, жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесі(иелері)нің отбасылық жағдайы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.
Егер жылжымайтын мүлік сатып алу сәтінде мүлік иесі некеде тұрса, бірақ кепіл шартын жасау сәтінде некеде тұрмаса (ажырасқан), азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарының (АХАЖ) некені бұзу туралы куәлігі, сондай-ақ меншік иесінің қазіргі уақытта некеде тұрмағандығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.
Егер жылжымайтын мүлік иесінің біреуі кәмелет жасқа толмаған болса, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасауға жазбаша келісімі, жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің туу туралы куәлігі, сондай-ақ егер кәмелетке толмаған меншік иесінің атынан қамқоршы/қорғаншы әрекет етсе, тұлғаның кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің қамқоршысы немесе қорғаншысы мәртебесінің болуын растайтын құжаттар.
Егер жылжымайтын мүлікке кепіл шарты сенімхат бойынша жасалса, кепілге және соттан тыс сату құқығын беруге жылжымайтын мүлік иесі(иелері)нен нотариалды куәландырылған келісім-өтініш;
Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және дерекқорлардан алған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары, сондай-ақ кепілге ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны оқу шартының сомасын жаппаса, стипендиаттың өзін (ата-анасын, жұбайын/зайыбын, балаларын) қоса алғанда, әділет органынан стипендиат отбасының барлық мүшелерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы мәліметтер.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру
Еркін нысандағы өтініш.
Ееңбек кітапшасының көшірмесі (кадр қызметі куәландырған) немесе еңбек қызметінің кезеңдері, лауазымы көрсетілген жұмыс орнынан анықтаманың түпнұсқасы; лауазымдық нұсқаулықтардың көшірмесі (кадр қызметі куәландырған).
Мүлік иесінің (кепіл берушінің) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және дерекқорлардан алған талап етілген жұмыс кезеңі үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер.
1) Жылжымайтын мүлік кепіл шарты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
2) "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген) бекітілген "Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларында белгілеген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің сәйкес болмауы.
3. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген талаптарға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің сәйкес болмауы.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген) бекітілген "Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары" белгілеген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің сәйкес болмауы.
4. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
1) көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап:
Көрсетілетін қызметті берушіге – 5 жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияның:
Астана қаласы бойынша – 5 жұмыс күні (құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
облыстар, Алматы және Шымкент қалалары бойынша – 10 жұмыс күні (құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
Порталға жүгінген кезде – 5 жұмыс күні.
2) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап:
Көрсетілетін қызметті берушіге – 7 жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияның:
Астана қаласы бойынша – 7 жұмыс күні (құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді),
облыстар, Алматы және Шымкент қалалары бойынша – 11 жұмыс күні (құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Порталға жүгінген кезде – 7 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі
Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.