Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады

  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз

  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз

  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі:

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес бес жыл мерзімге берілетін аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды ұсынбау.
  2. Ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтердің толық болмауы.
  3. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылу.
  4. Ұйымның "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындауы.
    Көрсетілетін қызметті беруші ұйымның Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына байланысты аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, ұйым Заңның 43-бабының 3-тармағында белгіленген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жыл ішінде алуға құқылы емес.

Көру саны:144

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

15 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы