
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Еркін нысандағы өтініш.
Өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Заңдастыруға жататын құжат.
Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінен мәліметтер не заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растайтын өзге де құжат (шетелдіктер үшін).
Өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (құжаттарды заңды өкіл немесе құжат иесінің атынан сенімхат бойынша уәкілетті адам берген кезде).
Тапсырылған құжаттарды заңдастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы қаулысына және шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша өзара түсіністік қағидаты негізінде тегін көрсетілуі мүмкін.
3 жұмыс күні
Ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, жеке және заңды тұлғаға жазбаша түрде хабарлай отырып, мерзім күнтізбелік 30 күнге ұзартылуы мүмкін