gov.kz
Меню

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

  2. ҚР визалық-көші-қон порталына (vmp.gov.kz/main/user/consul-service) өту.

  3. Визалық-көші-қон порталында авторизациядан өту.

  4. Жеке мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Онлайн
Заңды тұлғалар

Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама.
  2. ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайында виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаты.
  3. Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт).
  4. Мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
  5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.

Визаларды беру негіздері Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталады.

"С3" (еңбек қызметін жүзеге асыру үшін) санатындағы визаны беру үшін қосымша:

  1. Шақырушы тараптың қолдаухаты.
  2. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берген рұқсат ұсынылады.

"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

Қандастар үшін:

  • Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қандас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін).

Теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін:

  • Шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:

  1. Заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді/ аккредитациялауды растайтын сертификаттың көшірмесі.
  2. Шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін:

  1. Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы.

Ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін:

  1. Ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді.

Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдарға:

  1. Шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді.

Олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдарға:

  1. Шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді.

Олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға:

  1. басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.

Визалардың барлық санатындағы визаларын ұзартуға:

  1. Виза алу үшін Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес визалық сауалнама не көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі түсті не ақ-қара фотосуреті.
  2. Паспорт.
  3. Мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
  1. "А5" – шақырушы тараптың қолдаухаты және Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның жазбаша растауы негізінде не АХҚО Әкімшілігінің қолдаухаты негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 5 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
  2. "В2" – Қазақстан Республикасында болу мақсатын көрсете отыра, бұрын алғашқы виза алу үшін шақыру ресімдеген шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 30 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
  3. "В7" – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының, АХҚО немесе "Астана Хаб" қатысушылары мен органдарының қолдаухаты негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 90 тәулікке дейін мерзімге жүзеге асырылады.
  4. "В8" – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу үшін құжаттарды тапсырғаннан кейін қолдаухат негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 30 тәулікке дейін мерзімге жүзеге асырылады.
  5. "В21" – алдын ала тергеп-тексеруді не сот тыңдауын аяқтауға қажет мерзімге алдын ала тергеп-тексеру жүзеге асыратын органның не қылмыстық істі қарап жатқан соттың жазбаша өтініші негізінде.

Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 180 тәуліктен артық емес мерзімге жүзеге асырылады.

  1. "С1" - 1 жылдан артық емес мерзімге өтініш берушінің қолдаухаты негізінде.
  2. "С2" – келесі құжаттар болған кезде Көші-қон туралы Заңмен анықталған мерзімдерге шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде:
  • Шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін күтіп-бағуға айына, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде қаржылай қаражаттың болуын растауы.
  • Шақырушы адамның "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жығы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алаңы отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі нормативтерге сәйкес келетін тұрғын үйдің болуын растауы.
  • Медициналық сақтандыруы - шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін.
  • Көрсетілетін қызметті алушының шақырушы адаммен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелері.
  1. "С3" – егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе, бастапқы визаны алуға шақыруды бұрын ресімдеген шақырушы тараптың өтінішхаты негізінде және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатының болуы.

Қазақстан Республикасының басқа өңірінде еңбек қызметін жүзеге асырған кезде шақырушы тарап еңбекші көшіп-келушінің іссапарға жіберілуі туралы бұйрықты (не шарт немесе келісімшарт) ұсынады.
"С3" санатындағы визаның жарамдылығын ұзарту 3 жылдан артық емес мерзімге (АХҚО қатысушылар мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе "Астана Хаб" қызметкерлеріне – 5 жылдан артық емес) жүзеге асырылады.

  1. "С4" – қолдаухат және заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентімен біліктілігіне сәйкестігі туралы анықтамада көрсетілген мамандығы бойынша еңбек шарты негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту еңбек шартының әрекет ету мерзіміне, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
  2. "С5" – астана, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың және олардың аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініші негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 2 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
  3. "С7" – діни қызмет саласын реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосымен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 180 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
  4. "С9" – Қазақстан Республикасында тіркелген білім беру мәселесі бойынша уәкілетті органның немесе оқу орындарының қолдаухаты негізінде. Визаның жарамдылығын ұзарту 1 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
  5. "С12" – медициналық ұйымдармен берілген, Қазақстан Республикасының медициналық мекемесінде емделіп жатқан қызмет алушыға – шетелдік пациентке ұдайы күтім қажеттілігін растайтын құжаттар не жақын туыстарына – Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге ұдайы күтім қажеттілігін растайтын құжаттар болған кезде қолдаухат не ҚР ІІМ нұсқауы негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту емделуге қажетті, бірақ 1 жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады.
  • Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелері және оларға еріп жүретін адамдар.
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер.
  • Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген, гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер.
  • Этникалық қазақтар.
  • Өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балалар.
  • Шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдар.
  • Шетелдік инвесторлар босатылады.

Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін алынбайды.

- Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелері және оларға еріп жүретін адамдар;

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер;

- Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген, гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер;

- этникалық қазақтар;

- өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балалар;

- шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдар;

- шетелдік инвесторлар босатылады.

Результат оказания услуги

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасына кіру/шығу үшін виза немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап.

Порталда электрондық құжат нысанында виза.

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарының берген теріс жауабы;
4) егер шетелдік Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;
5) егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
6) егер шақырылушы шетелдік арыз бергенге дейін бес жыл ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген болса.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

ҚР-нан шығу - 0,5 АЕК
ҚР-на кіру және ҚР-нан шығу - 7 АЕК
Бірнеше рет ҚР-на кіру және ҚР-нан шығу - 30 АЕК

Срок оказания услуги

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күні.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қолдаухатты келісуді қамтамасыз етеді. ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген мерзім 30 күнтізбелік күніне дейін ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себептері мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды, ал көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама 3 жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жолданады.
Егер жауап ҚР ҰҚК белгіленген мерзімде берілмей, мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет көрсетушіге жүгінген жағдайда ҚР ҰҚК келісімі алғаннан кейін 1 жұмыс күнінің ішінде көрсетіледі.
Порталға жүгінген жағдайда – 1 жұмыс күні.

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Место предоставления услуги
«Электрондық үкімет» порталы
Аумақтық полиция органдары

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы