gov.kz
Меню

Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым

Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны үшін, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беруге байланысты іс-әрекеттерді жасағаны үшін алынатын бюджетке төлем Мемлекеттік баж болып табылады.

Жүргізуші куәлігін алу процесі

  • жол қозғалысы ережелерін және көлік құралын басқаруға үйрену;
  • емтихан тапсыру;
  • құжаттарды жинау;
  • құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.
Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.

Ескерту: Интернет-транзакцияларын жүргізу қауіпсіздігі мақсатында кейбір банктер төлем карталарына лимиттер немесе қосымша кодтар белгілейді. Егер онлайн төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса Банктегі менеджеріңізге жүгіне аласыз. 1 күн ішінде 3 транзакциядан артық жасауға болмайды.

* Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 36-б. 1-т. сәйкес салық міндеттемелерін орындауды салық төлеуші дербес орындайды, сол себепті салық және өзге де төлемдерді бюджетке төлеуде аталмыш картаның салық төлеушінің атына ресімделгеніне көз жеткізу қажет.

Результат оказания услуги

Жүргізуші куәлігін алу және айырбастау үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы электрондық чек

Часто задаваемые вопросы
Жүргізуші куәлігін кім ала алады?

Жүргізуші куәлігі келесі жасқа жеткен адамдарға берілуі мүмкін:
"AI" кіші санатындағы көлік құралдары – он алты жасқа толған адамдарға;
"А", "В" санаттарындағы және "B1", "C1" кіші санаттарындағы көлік құралдары — он сегіз жасқа толған адамдарға;
"С" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдары — жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде "С1" санатына жататын көлік құралдарын кемінде бір жыл басқару өтілі бар адамдарға;
"D", "Тм" және "Tb" санаттарындағы көлік құралдары — жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде "D1" санатына жататын көлік құралдарын кемінде үш жыл басқару өтілі бар адамдарға;
"BE", "СЕ", "DE" санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын — тиісінше "В", "С" немесе "D" санаттарындағы көлік құралдарын кемінде он екі ай бойы жүргізуге құқығы бар адамдарға;
"С1Е", "D1E" кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын — тиісінше "С", "D" санаттарындағы не "C1", "D1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын кемінде он екі ай бойы жүргізуге құқығы бар адамдарға;
Сондай-ақ ұлттық жүргізуші куәлігін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі ұйымның жолдамасы негізінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар ала алады.

Заказать онлайн
Полное название
Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

1,25 АЕК

Портал арқылы төлеу кезіндегі комиссия - 100 тг

Срок оказания услуги

Қаржыны есептеу

Қазына есебінен ақша аудару банкте 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қате есептелген қаржыны қайтару тәртібі ҚР Салық кодексінің 102-108-бабына сәйкес анықталады.

Услугу оказывает
Место предоставления услуги
Egov мобильдік қосымшасы

Чектерді тексеру сервисі арқылы онлайн төлем портал, банк терминалы немесе «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы жүргізілгеніне көз жеткізуге болады.

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы