Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
Бір реттік пароль арқылы:
Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
Бір реттік пароль арқылы:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
Апостиль қоюға жататын құжат (құжаттар түпнұсқаларда да, нотариалды куәландырылған көшірмелерде де апостиль қою үшін қабылданады).
Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының өкілі (жеке тұлға) жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат).
- Заңды тұлға атынан өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның басшысының немесе құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге де тұлғаның қолы қойылған және осы ұйымның мөрімен расталған сенімхат.
- Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген сенімхаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (көшірмесімен сәйкестендіру үшін).
6. Басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолының және мөр бедерінің үлгісі.

Қағаз жеткізгіштегі «апостиль» мөртабаны бар құжат.
Электрондық апостиль өтініш берген кезде уәкілетті мемлекеттік орган берген қауіпсіздік кодын қолдана отырып, апостильді жүктеу жолымен портал арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатпен жүгінген жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы хат.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Қазақстан Республикасында жасалған әрбір ресми құжатқа апостиль қойғаны үшін - 0,5 АЕК
Мемлекеттік корпорацияда - 2 жұмыс күні.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Порталда - құжаттарды апостильдеу күнін, уақытын тағайындау туралы хабарлама алу - 1 жұмыс күні.