
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Көрсетілетін қызметті алушы өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып өтініш жасаған кезде):
1) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге электрондық өтінімді ШҚТ ТП арқылы ресімдеу кезінде:
- азаматтығы жоқ адамның куәлігіне:
қолданылу мерзімі өткен шетелдік паспорт;
азаматтығы жоқ адамның куәлігі не оның Цифрлық нысаны;
1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорт;
әскери билет;
бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтықты өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарды ресімдеу кезінде) не оның Цифрлық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері беретін қайтып оралуға арналған куәлік (шетелде уақытша болған азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан кезде);
- тұруға ықтиярхат:
жарамды шетелдік паспорт.
Құжат үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (Салық кодексінің 622-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарды ұсынады).
Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ШҚТ ТП-дан алады.
ШҚТ ТП арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсіру ШҚТ ТП-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының фотобейнесі электрондық формулярға суретке түсіру жолымен, көрсетілетін қызметті алушының қолы – қол қою сканері арқылы енгізіледі.
2) көрсетілетін қызметті берушінің – қағаз жеткізгіште ресімдеу кезінде:
- азаматтығы жоқ адамның куәлігіне:
- 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының немесе оның жоғалуының, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды беру туралы алғаш рет өтініш берген 18 жастан асқан адамдардың туу туралы куәлігінің негізінде:
1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының түпнұсқасы;
туу туралы куәліктің түпнұсқасы;
азаматтығы жоқ адам деп тану туралы қорытынды;
азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы анықтама;
- тұруға ықтиярхат:
жарамды шетелдік паспорт.
Құжат үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (Салық кодексінің 622-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады).
Формулярды толтыру сәтінде көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетін көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосурет.
Азаматтығы жоқ адамның куәлігін немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат беру.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауына байланысты.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін ресімдеу - 8 АЕК.
Тұруына ыхтиярхат беру - 0,2 АЕК.
Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру кезінде белгіленген 1116 теңге мөлшерінде қосымша ақы алынады.
Құжатты жалпы тәртіппен алу үшін - 17 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (өтінімді ресімдеу және жеделдетілген қызмет үшін түбіртекті төлеу күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – 7 жұмыс күніне дейін.