
Құрметті талапкерлер!
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы бөлімге оқуға қабылдау үшін құжаттар электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы қабылданады, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) арқылы 2025 жылғы 25 тамызға дейін жүзеге асырылады. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін алу үшін ЭҮП-ке авторлану қажет.
Құжаттарды онлайн форматта беру кезінде «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру», сондай-ақ «Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді белсенді түрде алуға мүмкіндік бар.
Авторландыру кезіндегі қателіктер немесе басқа да техникалық қателіктер болған жағдайда проблеманы жан-жақты сипаттап, өтінімдерді/өтініштерді support@epvo.kz электрондық поштасына жолдауыңызды және қателіктердің скриндерін (ЖСН, проблеманың жан-жақты сипаттамасын, өтінімнің нөмірін) қоса тіркеуіңізді сұраймыз.
Қосымша ақпарат алу үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына жүгінуге болады (қабылдау комиссияларының тізімі http://www.testcenter.kz сілтемесі бойынша қолжетімді), сондай-ақ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне мына телефондар 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, 8 (7172) 742284 бойынша хабарласуға болады.
Бұдан басқа, 2025 жылғы 25 тамызға дейін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына баруды сұраймыз.
Портал арқылы сіз қызметті тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
1. ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш.
2. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа).
3. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
4. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет.
5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
6. ҰБТ сертификатын.
7. Ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін).
8. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.
ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1. ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысанда өтініш.
2. Білімі туралы құжат (түпнұсқа).
3. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
4. Өлшемі 3 x 4 сантиметр болатын 6 фотокарта.
5. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралар алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Құжаттарды қабылдау бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі, ал оқуға қабылдау күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады