Қызмет жеке куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталуына 30 және одан аз күнтізбелік күн қалса немесе жеке куәліктің қолданылу мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспайтын болса, онлайн режимінде көрсетіледі.
Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Қағидаларға сәйкес өтінішті толтырыңыз, фотосурет пен қолтаңба үлгісін тіркеңіз және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қойыңыз
4. Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің болуы, атын және туған күнін толық өзгертпеу қажет (өтініш берушінің тұрақты тіркеуі болмаса, сондай-ақ аты-жөні мен туған күні өзгерген жағдайда ҰАО МК-ға хабарласу қажет)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Қағидаларға сәйкес өтінішті толтырыңыз, фотосурет пен қолтаңба үлгісін тіркеңіз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
4. Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің болуы, атын және туған күнін толық өзгертпеу қажет (өтініш берушінің тұрақты тіркеуі болмаса, сондай-ақ аты-жөні мен туған күні өзгерген жағдайда ҰАО МК-ға хабарласу қажет)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзi жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
ХҚТ ТП арқылы электрондық өтінімді ресімдеу кезінде мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге:
16 жасқа толмаған балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспортына, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарға, 16 жасқа толған адамдарға:
Құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар Салық кодексінің 622-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады).
Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ХҚТ ТП ақпараттық жүйесінен алады.
ХҚТ ТП АЖ арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының фотобейнесі электрондық формулярға суретке түсіру жолымен, көрсетілетін қызметті алушының қолы – қол қою сканері арқылы енгізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының немесе оның жоғалуының, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды беру туралы алғаш рет өтініш берген 18 жастан асқан адамдардың туу туралы куәлігінің негізінде:
Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау кезінде:
Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет-бейнесі көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi.
Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иектің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді.
Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің жиегі көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның униформада суретке түсуіне жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді тіркеу талон негізінде.
2. Мемлекеттік корпорациясындағы көрсетілетін қызметті беруші арқылы: формуляр бланкіден оны толтырғаннан кейін бөлінетін жеке басты куәландыратын құжатты алу үшін түбіртек негізінде, портал арқылы ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарламаның негізінде.
Көрсетілетін қызметті алушы немесе өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып оның заңды өкілі не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация жеке куәлікті және (немесе) паспортты оның дайындалған күнінен бастап бір жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге оны жою үшін тапсырады.
Салық кодексінің 622-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайда.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауына байланысты.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Паспорт беру
көлемі 36 бет - 8 АЕК
көлемі 24 бет - 4 АЕК
16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттен тұратын Қазақстан Республикасының паспорты беріледі, оның ішінде 12 жасқа дейінгі балаларға - 5 жыл мерзімге, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға - 10 жыл мерзімге
көлемі 48 бет - 12 АЕК
Бұл ретте балаларға 36 және 48 беттік төлқұжаттарды беру алынып тасталды, бұл паспорттар 16 жастан бастап беріледі
Жеке куәліктің жыл ішінде екі реттен артық жоғалуына байланысты бергені үшін – 1 АЕК
Жеке куәлік - 0,2 АЕК
Жеке куәлікке уақтылы жүгінбеген жағдайда айыппұл - 7 АЕК
Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (ҚҚС-сыз бағасы):
Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары және облыс орталықтары үшін:
1-санатты жеделдік - 3011,12 теңге
2-санатты жеделдік - 1581,14 теңге
Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
3-санат - 605,31 теңге
Құжатты жалпы тәртіпте - 15 жұмыс күнінен кешіктірмей (өтінімді ресімдеу және дайындалған құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (өтінімді ресімдеу және жеделдетілген қызмет үшін түбіртекті төлеу күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
- Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін – жеделдіктің 1-санаты бойынша 1 жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 3 жұмыс күніне дейін
- облыс орталықтары үшін – жеделдіктің 1-санаты бойынша 3 жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 5 жұмыс күніне дейін
- облыстардың қалалары және аудандары үшін – жеделдіктің 3-санаты бойынша 7 жұмыс күніне дейін