
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу
апостиль қойылатын құжат;
3. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
5. Апостиль қойғызу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелеріне бару керек.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы немесе оның сенім білдірген өкілі өтініш білдірген кезде:
"Апостиль" мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
0,5 АЕК
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильдеу туралы өтінішті қарау мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 жұмыс күні
Порталға жүгінген кезде - 15 жұмыс күні
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильдеу туралы өтінішті қарау мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 20 жұмыс күні
Порталға жүгінген кезде - 20 жұмыс күні
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді