
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Өтініш.
2. Ұлы Отан соғысы жылдарында әрекеттегі армияға қатысуын растайтын әскери билет немесе анықтама.
Порталда: көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы ақпарат немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік корпорация арқылы (көрсетілетін қызметті алушы порталда таңдаған филиал): Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беру.
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
1 жұмыс күні.
Куәлік беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етумен мерзім 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етумен куәлік беру мерзімі 90 жұмыс күніне дейін ұзартылады.