POS терминалының болмауы үшін жауапкершілік
Төлем карталарын пайдалана отырып төлем жасауға арналған жабдықтың (құрылғылардың) болуы туралы тексерістерді мемлекеттік кірістер органдары жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) кезінде оларды қабылдауға міндетті жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаныңтөлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдаудан бас тартқаны үшін ескерту көзделген.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта тарту
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 40АЕКмөлшерінде
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 60АЕКмөлшерінде
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-100АЕКмөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаныңтөлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасауға арналған жабдықтары (құрылғысы) болмаса, ескерту беріледі.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта тарту
- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 40АЕК
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 60АЕК
- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 80АЕКкөлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
