Мұрагерлікке құқықтарды тіркеу
Мұрагер не мұрагерлер мұраның ашылу күнінен бастап 6 ай өткеннен кейін нотариустан мұра алу құқығы туралы куәлік алады. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) тіркеуі тиіс.
Егер мұра даулы болмаса, онда құжат ерте беріледі – бұл заң бойынша немесе өсиет бойынша мұраны алуға қатысты.
Куәлік ресми түрде үй, пәтер немесе учаскеге меншік құқығын ресімдеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік тіркеусіз меншік құқығы басталды деп есептелмейді.
ҚұжаттарХҚКО-ға жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу орны бойынша беріледі. Өтінішке қоса беріледі:
- мұра алу құқығы туралы куәлік;
- жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру құжаты;
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төленген төлемді растайтын құжат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша төлем жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бекітілгенбағаларынасәйкес алынады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін берілетін өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.
