Na početak

Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады


Кәмелетке толмағандар  ата-анасының, заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз:

  • сағат22-ден таңғы 6-ға дейінойын-сауық мекемелерінде болса, ата-анасы, заңды өкілдері 3 АЕКмөлшерінде айыппұл төлеуге тартылады;
  • сағат22-ден таңғы 6-ға дейінтұрғын үй жайынан тыс жүрсе, ата-анасы, заңды өкілдеріне алдымен ескерту жасалады.

Егер осындай факт жыл ішінде қайталанса, 7АЕКмөлшерінде айыппұл көзделген.

Баланың тиісті емес уақытта сол жерде болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады. 

Айыппұл мөлшерлері:

  • жеке тұлғаларға - 10АЕК, құқық бұзушылық қайталанған кезде– 20АЕК;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 15АЕК, қайталанған кезде – 30АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30АЕК, қайталанған кезде – 50АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50АЕК, қайталанған кезде – 100АЕК.