Na početak

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (есепке жазу)


2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы (есепке жазу) жарналары енгізілді.

ЖБМЗ (есепке жазу)1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған азаматтар үшін төленеді. ЖБМЗ (есепке жазу) төлеуді жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

ЖБМЗ (есепке жазу) есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы төленетін болады. ЖБМЗ (есепке жазу) есептеу үшін табысқа ақшалай мәндегі еңбекақының барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі.