Na početak

ҚАЗТЕСТ дегеніміз не және оны қалай алуға болады?


ҚАЗТЕСТ – Қазақстан азаматтарының және Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.

ҚАЗТЕСТ мазмұндық құрылымы 5 блоктан тұрады:  

  • Тыңдау;
  • Лексика-грамматикалық құрылым;
  • Оқу;
  • Жазу;
  • Сөйлеу.

Әр блок бойынша сертификат алу үшін шекті балл - 60% (тыңдау - 12, лексика-грамматикалық құрылым – 24, оқу – 24, жазу – 30 балл, сөйлеу – 30 балл) жинау қажет.

Ұлттық тестілеу орталығының ғимаратында өтеді. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау құны - 8 263 теңге.