Na početak

Қандай жағдайларда жәрдемақы төлемейді


Жәрдемақы төмендегілерге төленбейді:

  1. заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жағдайда;
  2. соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін;
  3. заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
  4. жұмыскер алкогольді, есірткіні және уытқұмарлық заттарды пайдалануы салдарынан туындаған аурулардан немесе жарақаттардан еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде;
  5. жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына келетін еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін;
  6. жалақысы сақталмайтын демалысқа келетін еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін;
  7. бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа келетін еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін.