Na početak

Саусақ ізін тіркеу


Қазақстан Республикасының азаматтары дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді. Дактилоскопиялық тіркеуден 12 жасқа дейінгі балалардан басқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өте алады. 

Міндетті дактилоскопиялық тіркеуге жатады:

  • Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде шетелдіктер;
  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алғаш рет алу үшін немесе оны қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
  • босқын куәлігін және жол жүру құжатын алғаш рет алу үшін немесе оларды қалпына келтіру, ауыстыру үшін пана іздеуші тұлға мәртебесін алу туралы өтініш білдірген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
  • Қазақстан Республикасының шегінен шығаруға жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың қолданысына жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
  • Қазақстан Республикасының визаларын алған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.