Na početak

Кәсіпкерлерге арналған ақпараттық-консультациялық қызметтер


Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған ақпараттық-консультациялық қызметтер мыналарды қамтиды:

     мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және кеңес беру бойынша:

  • мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары туралы кәсіпкерлік бастамасы бар ШОБ субъектілері мен халыққа кеңес беру;
  • кәсіпкерлік қызметті бастау мәселелері бойынша кеңес беру (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішін және салық салудың оңтайлы жүйесін таңдау);
  • шарттар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттардың үлгілерін дайындау мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Екінші деңгейдегі банктерде, қаржы ұйымдарында және даму институттарында қаржыландыруға дейін және кейін қажетті құжаттарды жинау жөніндегі қызмет;
  • бизнесті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру;

      құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу бойынша:

  • ШОК субъектілерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша кеңес беру;
  • лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша кеңес беру;
  • сатып алуларға/конкурстарға/тендерлерге қатысу және жер учаскесін алу үшін құжаттарды жинау және өтінімді ресімдеу жөніндегі қызмет;
  • инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) қосылған кезде құжаттар мен техникалық шарттарды алудағы қызмет.