Оңалту процедурасын қанша уақытқа бастауға болады?
Оңалту процедурасын жүзеге асыру мерзімі 5 жылдан аспауы керек.
Оңалту шаралары борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.
Оңалту жоспарын борышкер кредиторлармен және оңалтуды басқарушымен бірлесіп оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастапүш ай ішіндеәзірлеуге тиіс.
Борышкерді оңалту рәсімінде басқаруды кредиторлар жиналысының шешімі бойынша дара кәсіпкер – борышкер не мүліктің меншік иесі, құрылтайшы, борышкер заңды тұлғаның қатысушысы уәкілеттік берген орган немесе тұлға, сондай – ақ оңалтуды басқарушы жүзеге асыруға құқылы.
