Декреттік төлемдер мен демалыс
Жүктіліктің 30-шы аптасында гинеколог дәрігерден 126 күнге еңбекке жарамсыздық парағын аласыз (қиын босану кезінде еңбекке жарамсыздық демалысы тағы 14 күнге ұзартылады).
Қолыңызда еңбекке жарамсыздық парағы болған жағдайда, жүктілік пен босану бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді ала аласыз.
Содан кейін жұмыс орныңыздағы кадрлар бөліміне еңбекке жарамыздық парағын тапсырып, өтініш жазасыз, содан кейін сізге декреттік демалыс беру туралы бұйрық шығарылады.
Маңызды! Еңбекке жарамсыздық парағын ресімдемес бұрын, әлеуметтік аударымдарыңызды тексеру қажет.
