Біржолғы жәрдемақыны ресімдеу
Қызметті 3 жолмен алуға болады:
1. SMS арқылы. Бала туғаннан кейін аналар 1414 нөмірінен SMS-хабарлама алады (ананың телефоны мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек).
2. Қызметті онлайн алыңыз.
3. Тұрғылықты жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келесі құжаттармен:
- Өтінішін.
- Жеке куәлік.
- Баланың туу туралы куәлігі.
- Банк шотының нөмірі туралы ақпарат.
Сіздің өтінішіңіз 8 жұмыс күні ішінде қаралады, нәтижесі туралы SMS хабарлама арқылы хабардар боласыз.
