Бала күтімі бойынша 3 жасқа дейінгі демалыс
Бала туғаннан кейін бала күтіміне байланысты үш жылға дейінгі демалыс (баланың анасына немесе әкесіне) беріледі. Ол сондай-ақ жалақысы сақталмастан еңбек өтіліне есептеледі.
Ол үшін ұйымыңыздың кадрлар бөліміне мыналарды беруіңіз керек:
- жазбаша өтініш;
- баланың туу туралы куәлігі.
Бала күтімі демалысы кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Бала күтіміне байланысты демалыстан бұрын жұмысқа шығардан бір ай бұрын жұмыс берушіге жұмысқа шығу ниетіңіз туралы хабарлауыңыз қажет.
