Автомобиль туралы деректерді жинау
Автокөлік сатып алмас бұрын пайдаланылған көліктің тарихын қалай тексеруге болады?
Пайдаланылған автокөлікті сатып алмас бұрын ІІМ көлік тарихын тексеруді ұсынады. Мұны онлайн режимінде жасауға болады.
Қызмет қазір мобильді қосымшаларда қол жетімді:
- “102”;
- “Halyk Bank”;
- “Bereke Bank”;
- “CenterCredit”;
- “ForteBank”;
- Aster.kz. сайттында.
Көлік құралының адам өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға қатысуы туралы ақпаратты Qamqor сервисі арқылы алуға болады.
–ЖКО-ға автокөліктің қатысуы туралы ақпарат
Автоға салынатын айыппұл туралы gov.kz сервисі арқылы немесе Qamqor арқылы білуге болады. Бұл ретте gov.kz сервисі арқылы айыппұлдарды іздеуді автокөлік иесі жүзеге асыруы тиіс, ол сол жерде оларды төлей алады.
Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары іздеу және төлеу
–Өз айыппұлдарың туралы біліңіз
Техникалық қарап-тексерудің болуын техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің (ТҚТБАЖ) сайтындағы сервис арқылы тексеруге болады.
–Техникалық қарап-тексерудің болуын тексеру
Қажеттілік туындаған кезде автокөлікке сақтандыру полисінің болуын тексеру, бұл сервис Мемлекеттік кредиттік бюросы арқылы істеуге болады.
-Сақтандыру полисінің болуын тексеру
