Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар жоғалған кезде не істеу керек
Оның негізінде құқықтық кадастрда тіркеу жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірме) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру тіркеу ісінде (тіркеуші органның) сақталатын көрсетілген құжаттыңкөшірмеден телнұсқа беру арқылы жүзеге асырылады.
Тіркеу ісінде электрондық құжаттың қағаз көшірмесі ғана болса, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын нотариус береді.
Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын алу
Өтінішке жеке куәлік пен телнұсқа беру үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртекті немесе төлем туралы чекті қоса беру қажет.
Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж
Өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызмет 3 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
