Көлікке мемлекеттік нөмір жоғалған кезде не істеу керек
Мемлекеттік нөмір жоғалған ауданда сізге табылған заттар бюросына жүгіну қажет. Бұдан әрі, егер сіздің мемлекеттік нөміріңіз табылмаса, онда сізге жаңа МТНБ алу үшін онлайн-қызмет арқылы сұраныс жіберу немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚмамандандырылған бөлімдеріне мемлекеттік нөмірді жоғалту туралы еркін нысандағы өтінішпен жүгіну қажет.
Бұл жағдайда екі нұсқа бар немесе МТНБ телнұсқасына өтініш беру (МТНБ телнұсқасын дайындау мерзімі Астана және Алматы қалалары үшін 5 жұмыс күнін құрайды, Шымкент қаласы және облыстар үшін 15 жұмыс күнін құрайды) немесеҚР Ішкі істер министрінің2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 90 минут ішінде дайын нәтижені ала отырып, техпаспортты (КҚТК) және мемлекеттік нөмірлерді (МТНБ) ауыстыруды жүргізу.
Телнұсқа алуға онлайн-сұраныс жіберу үшін мына қызметты пайдаланыңыз.
Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру
МТНБ телнұсқасына өтініш берген кезде бір МТНБ телнұсқасына беру мүмкіндігі бар, онда төлем бір МТНБ үшін 1,4АЕКмөлшерінде, екі МТНБ үшін 2,8АЕКмөлшерінде болады.
МТНБ ауыстыруға өтініш берілген жағдайда, тиісінше техпаспортты ауыстыру жүргізіледі және мемлекеттік баж сомасы МТНБ үшін 2,8АЕК, КҚТК үшін 1,25АЕК, мемлекеттік алым 0,25АЕКқұрайды.
Қажетті құжаттар:
- Жоғалту туралы өтініш;
- Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
- Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (техпаспорт);
- ҚР заңнамасына сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін-салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар.
Уақытты үнемдеу үшінМамандандырылған ХҚКО-да кезекті брондауды ұсынамыз
