Na početak

Жүргізуші куәлігі жоғалған кезде не істеу керек


Жүргізуші куәлігі«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылыҚР Ішкі істер министрлігіменберіледі.

Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны –1,25АЕК.

Рәсімдеу мерзімі –2 сағат(емтиханға жұмсалған уақытты есептемегенде).

Жүргізуші куәлігін жоғалтқан жағдайда сізге келесі құжаттарменМамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет:

  • жеке куәлік;
  • 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама және оның көшірмесі, псих - және наркодиспансерден анықтама (жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда ғана ұсынылады);
  • мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,25АЕК). Кассаға кезекте тұрмау үшін сіз жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығын онлайн-сервис арқылы төлей аласыз.

Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым

Уақытты үнемдеу үшінМамандандырылған ХҚКО-да кезекті брондауды ұсынамыз

ХҚКО-да кезекті брондау

Олардың орнына иелеріне басқа жүргізуші куәлігі берілген табылған жүргізуші куәліктері жаңа жүргізуші куәлігі берілген сәттен бастап өзінің заңдық күшін жоғалтады және белгілеген тәртіппен жою үшін міндетті түрде ТЕБ-ке тапсыруға жатады.