Паспортты жоғалтқан кезде не істеу керек
|
Паспорт ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы беріледі. Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны (36 бет) – 8 АЕК. 16 жасқа дейінгі балаларға (24 бет) төлқұжат беру үшін мемлекеттік баждың құны – 4 АЕК. Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні. Тездетіп алғаны үшін аймаққа байланысты қосымша ақы талап етіледіАстана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін:
басқа облыс орталықтары үшін:
облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
|
Паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайда cіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ кез келген филиалына (ХҚКО-ға) төмендегі құжаттарды ұсына отырып, жүгіне аласыз:
- Құжаттарды қайта дайындау туралы жазбаша өтініш, онда жоғалу мән-жайын міндетті түрде көрсету қажет;
- Паспорттың ұрлануы туралы өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органынан талон-хабарлама (құжат ұрланған жағдайда);
- мемлекеттік бажды төлеуден босатылғанын растайтын құжат (бар болса). Төлқұжат алу үшін мемлекеттік бажды төлеу QR коды немесе «Қазпочта» АҚ кассасы арқылы екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшалары арқылы өтініш беру барысында жүзеге асырылады;
- ҚР азаматаның жеке куәлігі (егер паспорт жоғалса)
Егер паспорт Қазақстаннан тыс жерде жоғалған болса, азаматтарға ҚР консулдық мекемесіне жүгіну қажет, онда олар ҚР-ға кіру үшін және тұрғылықты жері бойынша ҚР аумағында жүру үшін куәлік алады.
Елге келгеннен кейін дер уақытта паспортты қайта дайындау үшін уәкілетті органдарға жүгіну қажет.
