Na početak

Құжаттарыңызды жоғалтып алдыңыз

Жеке куәлікті ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы береді.

Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 0,2 АЕК.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.

Тездетіп алғаны үшін аймаққа байланысты қосымша ақы талап етіледі

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін:

  • 1 жұмыс күніне дейін - 3 011,12 теңге;
  • 3 жұмыс күніне дейін - 1 581,1 теңге.

басқа облыс орталықтары үшін:

  • 3 жұмыс күніне дейін - 3 011,12 теңге;
  • 5 жұмыс күніне дейін - 1 581,1 теңге.

облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

  • 7 жұмыс күніне дейін - 605,3 теңге.

Жеке куәлік жоғалған немесе ұрланған жағдайда Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ кез келген филиалына (ХҚКО-ға) төмендегі құжаттарды ұсына отырып, жүгіне аласыз:

Жоғалған жағдайда:

  1. Жеке куәлікті қайта дайындау туралы жазбаша өтініш, онда жоғалу мән-жайын көрсету қажет;
  2. Мемлекеттік бажды төлеуден босатылғанын растайтын құжат (бар болса);
  3. Анықтама алу үшін мемлекеттік бажды төлеу QR коды арқылы екінші деңгейдегі банктің мобильді қосымшалары немесе «Қазпочта» АҚ кассасы арқылы өтініш беру барысында жүзеге асырылады;
  4. Қазақстан Республикасы азаматаның паспорты (бар болса).

Ұрланған жағдайда:

  1. Жеке куәліктің ұрлануы туралы өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органынан талон-хабарлама;