Na početak

Қандай құжаттарды даярлау қажет


Жалпы конкурсқа қатысу үшінмынадай құжаттар тапсырылады:

  • өтініш;
  • 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізуқағидаларына3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі ;
  • білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.

Персоналды басқару қызметі"Е-қызмет"интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың бар-жоғын тексереді:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы ұсынған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.