Na početak

Execution of the housing purchase and sale transaction:without the participation of a notary


Сатушы және сатып алушы (мәмілеге қатысушылар) сатып алу-сату шартын жасағаннан кейін жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер бойынша"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы"КЕ АҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету бөліміне (ХҚКО) жүгінеді.

Мәмілеге қатысушылар электрондық кезек тәртібімен мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолының төлнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру үшін операциялық залға өтеді.

Мәміле тараптары қолдарының түпнұсқалығын тексеру рәсімінің аяқталғанын растау шарттар даналарына ХҚКО жауапты қызметкерінің белгісі мен қолын қою болып табылады.

Кейін ХҚКО қызметкері Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге белгіленген үлгідегі өтінішті қабылдауды жүзеге асырады.

Мәміле тараптары өтінішті толтырады. Сатып алушы тіркеу үшін ақы төлейді.

Қызметкер жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге өтінішті қабылдау кезінде сәйкестендіру үшін өтініш берушінің(-лердің) жеке басын куәландыратын құжатты, оны(-лерді) мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен бірге талап етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады, сондай-ақ мынадай құжаттарды талап етеді:

1) сатып алу-сату шарты;

2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (жер учаскесі болған кезде);

3)үлестік меншіктің барлық қатысушыларының келісімі (нотариат куәландырған өтініш);;

4)жұбайының нотариат куәландырған келісімі (егер ерлі-зайыптылардың екеуі де мәмілеге қатысушылар болса, онда нотариат куәландырған келісім талап етілмейді);

5) неке қатынастары болмаған жағдайда иеліктен шығарылатын және сатып алынатын мүліктің меншік иесі некеде тұрмайтындығы туралы өз қолымен жазылған өтініш;;

6) егер жылжымайтын мүліктің иесі кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті шектеулі адам болып табылса, қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі адамдардың жазбаша келісімі;

7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжат.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеуші органның шарттақұқықтардытіркегені туралы белгі беруі не жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі болып табылады.