Na početak

ЖШС-ті онлайн қалай тіркеуге болады


Қызметке тапсырыс беру кезінде, бірінші қадамда ұйымдық-құрылымдық нысанды көрсету керек және сіздің компанияңыздың толық және қысқаша атауымен  алаңдарды үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілінде толтыру, бейне-сәйкестендіруден өту қажет. 

Бұдан әрі басшының ЖСН, басшыны тағайындау туралы ЗТ уәкілетті органның шешімінің нөмірі мен күнін көрсету қажет.

Құрылтайшылар туралы мәліметтерді көрсеткен кезде олардың ЖСН/БСН, аты-жөні/атауы бар алаңдарды толтыру керек, сондай-ақ олардың салымының сомасы және оның жарғылық капиталдағы үлесі туралы ақпаратты ұсыну қажет. Кейін ЗТ типтік жарғы бойынша және ҚҚС есебімен төлеуші ретінде тіркеліп, жұмыс істейді ме екенін анықтау қажет.

Одан кейін экономикалық қызметтің негізгі түрінің заңды мекенжайын, байланыс телефоны мен кодын және жұмыспен қамтылған адамдардың шамамен санын көрсетіңіз.

Беттің соңында банкте шот ашуға және сақтандыру шартын жасауға болады:

  • егер офлайн кезінде өз бетінше осыны істеуді жоспарласаңыз, онда белгі қою керек емес;
  • егер банк шотын онлайн ашасыз деп белгілесеңіз, онда тізімнен бір банкті таңдап, оның филиалын және пайдаланылатын валютаны көрсету керек. Бұдан әрі шот ашу үшін сауалнама үлгісін көшіріп, толтырылған сауалнаманы қоса бересіз.

Содан кейін сақтандыру шартын жасауға өтінімді толтырып, сақтандыру компаниясын тізімнен таңдау керек. Бұдан әрі жылдық еңбекақы төлеу қоры туралы ақпаратты қамтитын жұмыскерлер туралы мәліметтермен сауалнаманы толтыру қажет және ЖШС-дағы еңбекті қорғау тақырыбына сауалнама жүргізу қажет. Осыдан кейін сақтандыру кезеңінің басталу күнін көрсету керек, компания жарғысымен жұмыскерлердің тізімін бекіту және сақтандыру шарттарымен келісу туралы тармақтарға белгі қою қажет.

Композиттік қызметтің өтінімін толтырудың кезеңі аяқталады, кейін құрылтайшылардан оны ЭЦҚ арқылы растау қажет болады. Одан кейін өтінімге өтініш берушінің өзі қол қояды және тіркеуші органға бекітуге жіберіледі.

Өтінімді өңдеуді күту мерзімі – 1 жұмыс күні.