Жеке кәсіпкерді тіркеу
ЖК ретінде тіркелу үшін сізге салық органына жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсына отырып, кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлау жеткілікті. Хабарламаны келесі тәсілдермен ұсынуға болады:
- электрондық-Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау e-license порталы арқылы;
- қызметтер көрсету орталықтары немесе "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясына келіп, құжаттарды қағаз нұсқада тапсыру;
- Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы;
- "E-Salyq business" мобильді қосымшасы арқылы.
Хабарлама беру қызметі тегін көрсетіледі. Салық органы бір жұмыс күні ішінде ЖК тіркейді.
ЖК ретінде онлайн тіркелу.
Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін elicense.kz. электрондық лицензиялау порталында тіркеуден өту қажет Ол үшін ЭЦҚалу қажет. Тіркелгеннен кейін қызмет көрсетілетін бетке өтіңіз.
Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама
Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтінішім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсат алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарлама алу туралы – "Менің хабарламаларым"бөлімінен біле аласыз.
